Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев «Түркістан-Аренаның» УЕФА халықаралық талаптарына сәйкестігін сетификаттау үшін Түркістан қаласына табан тіреді, деп хабарлайды «Тұран» ФК баспасөз қызметі.
Халықаралық деңгейдегі ойындарды өткізуге жарайтын жаңа стадионда киім ауыыстыратын бөлмеден бастап, жанкүйерлерге арналған орындықтар, БАҚ өкілдеріне арналған орынға дейін бар. Алаңға канадалық шөп отырғызылған, оған арнайы мамандар күтім жасайды.
Олжас Абраев наурыз айының екісінен алтысына дейін Қазақстан Суперкубогының матчтары дәл осы «Түркістан-Аренада» өтетінін мәлімдеді. Жиналыс барысында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Қанат Жолдықараев бұл жаңалықтардың қуанышты жағдай екендігін және жауапты ойындарды өткізуге әзір екендігін жеткізді.
Естеріңізге сала кетсек, 2-6 наурыз аралығында елордалық «Астана», алматылық «Қайрат», қарағандылық «Шахтер» мен қостанайлық «Тобыл» командалары Қазақстан Суперкубогын өзара сарапқа салады. Бұдан басқа, осы жылы Түркістан облысының намысын қорғайтын «Тұран» футбол клубының Премьер-лигадағы барлық матчтары «Түркістан-Аренада» өтетін болады.
«Түркістан-Арена» стадионы 7 000 жанкүйерді сыйғыза алады және барлық керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.