ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Страндж кубогы: Қазақстандық 4 боксшы қыз алтынға таласады

Болгария астанасында өтіп жатқан Страндж кубогы турнирінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы қыздардың финалдағы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпанның 25-нен 26-сына қараған түні жартылай финалдық жекпе-жектер мәресіне жетті. Нәтижесінде аталған турнирдің финалына қазақстандық боксшы қыздардың төртеуі шықты.

Атап айтсақ, Болгария астанасында өтіп жатқан кіші әлем чемпионатының финалында алтынға Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Валентина Хальзова және Ләззат Күнгейбайева таласады.

Финал:

50 келіге дейін

Назым Қызайбай (Қазақстан) - Боуалем Роумайса (Алжир)

54 келіге дейін

Дина Жоламан (Қазақстан) - Станимира Петрова (Болгария)

70 келіге дейін

Валентина Хальзова (Қазақстан) - Галина Головченко (Ресей)

81 келіден жоғары

Ләззат Күнгейбаева (Қазақстан) - Дулма Лумбунова (Ресей)

Ал жартылай финалда қарсыластарына жол берген төрт бұрымды боксшымыз халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды. Олар - Римма Волосенко, Дариға Шәкімова, Надежда Рябец және Анастасия Баязитова.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!