Қазақстан құрамасы мен «Астана» клубының экс-бапкері Станимир Стоилов Sports True ютуб-арнасына берген сұхбатында «Астананың» инфраструктурасы жайлы сұраққа жауап берді:
«Бізге базаның 3-4 үлгісін көрсетті. «Астана Аренаның» жанына саламыз деді. Кейін аэропорттың жанына салатын болып шешті. Астананың әкімі болсам, бірден база соғар едім. Бұл Еуропа таныған «Астана» футбол клубы. Біз Лиссабонда жүргенде халық бізді бірден таныды. Футбол – бұл үлкен жарнама. Футбол беретін жарнаманы ешкім де өтей алмайды.
Мен «Астананың» екінші құрам ойындарын көрдім. Онда 22-23 жастағы футболшылар ойнады. Мен президентпен сөйлесіп, бір-екі жылда негізгі құрамда ойнауға таласатын 16-17 жастағы футболшыларды іздеу керек деп айттым. Дәл солай істеп, 2000 жылғы ойыншыларды жинадық. Прокопенко, Сағынаев, Кусяпов және тағы да басқаларын. Олар 16 жаста еді. Одан кейін бүкіл Қазақстан бойынша іздедік. Перцух, Зайнутдинов сынды ойыншыларды қатарға қостық. Сейдахметті де алғымыз келген, бірақ ол «Уфаны» таңдады», – деді «Босс».
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.