Түркістандық «Тұран» клубының шабуылшысы Стэнли Нкоби Prosports.kz сайтына сұхбат беріп, нәсілшілдік және асаба, әнші болып жұмыс істегені жайлы айтып берді.
– Әлем футболында BLM қозғалысы белең алды. Қазақстан чемпионаты бұл қозғалысқа қосылуы қажет деп санайсың ба?
– Әлемнің барлық жерінде нәсілге бөлінуді кездестіреміз. Нәсілшілдікке қарсы белгіні таққан ағылшын командаларына қарап оның маңызы жоғары екенін түсінемін. Өйткені әлемде нәсілшілдікке орын жоқ екеніне сенімдімін. Қазақстан футбол федерациясы бұл қозғалысқа назар аударады деп сенемін.
Қазақстанда нәсілшілдік бар ма? Әлеуметтік желіде қалжыңдап жазып жатады. Көшеде «эй, қара», «қара бала» деп айқайлайды. Бірақ мен оларға ренжімеймін. Өйткені бұл жақта адамдар махаббатпен не қалжыңдап айтады. Олар нәсілге бөлінбейді. Тек осы ортаға тез сіңісуім үшін қалжыңдайтыны бар.
– Бұған дейін әр түрлі мерекелік іс-шараларда асаба болдың...
– Бұрын өнерге жақын болдым. Ән жазып, бит жасадым. Әуесқой футболда жүргенімде жаттығудан соң бірден студияға жүгіретінмін. Өйткені ол кезде футбол менің хоббиім секілді еді. Ал өнер негізгі табыс көзім болды. Тек Қазақстанда емес, шетелде түнгі клубтарда ән айтып, қомақты табыс тауып жүрдім. Осыған қарап, жастарға ешқашан еңселеріңді түсірмеңдер деп айтқым келеді. Ұнайтын істі ешқашан тастамаңдар.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.