Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Каканың Финляндиямен болған ойынды (6:2) қорытындылады:
— Біздің жігіттердің жеңіске деген жігері ұнады. Таңертең Шыңғыс Есенамановтың ойынға қатыспайтыны туралы мәлімет алдық. Ойын барысында екі рет ұтылып жаттық. Алайда, сол қиындықтарды еңсеріп, соңына дейін шыдадық.
Бірінші таймда Дәурен Тұрсағұлов жақсы қырынан танылса, Азат Валиуллиннің ойыны жүрмеді. Сол себепті Арнольд Кнаубты алға қойып, допты қабылдауын талап еттім. Бұл қалған ойыншылардың дем алуына мүмкіндік жасайды. Екінші таймда Азат ойынға жақсы араласып, допты ұстай алды. Ол алғашқы ойынға қарағанда жақсы ойнады.
Италияның ойыны – импровизация. Олар екі ойын қатарынан тәуекелге бел буды. Сол себепті кез келген жағдайға дайын болу шарт.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.