Қазақстандық клубтар Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясындағы кезекті жолдастық кездесулерін өткізді.
Қарағандылық «Шахтер» 1:0 есебімен ресейлік «Шинник» командасынан басым түсті. Жалғыз голды Тимур Досмағамбетов өз атына жазды.
«Шахтер»: Трофимец, Назаренко (Ламанж), Чосич, Граф, Хозин, Габышев, Каньяс, Букорац (Назымханов), Досмағамбетов (Флюк), Аветисян (Свиридов), Мұртазаев (Тәттібаев).
Ал «Ақсу» тағы бір ресейлік «Велес» клубымен тең (1:1) тарқасты. Ақсулықтардың голын қаралымдағы ойыншы соқты.
«Ақсу»: Исламкулов, Сүйімбаев, Попов, Баркунов, Жилов, Оспанов, Азаров, Бачек, Красотин, Марат, қаралымдағы ойыншы.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.