«Тараз» бен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Тимур Досмағамбетов «Шахтер» клубымен келісім-шартқа отырды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет мәлімдеді.
Досмағамбетов соңғы үш жыл бойы «Ордабасы» сапында өнер көрсетті. Бірақ қаржылық мәселелерге байланысты өткен маусымның ортасында шымкенттік клубтан кетіп, «Таразға» ауысқан болатын.
Бұған дейін футболшыға түркістандық «Тұран» мен павлодарлық «Ақсудың» қызығушылық танытқаны хабарланған еді.
Досмағамбетов мансабында «Оқжетпес», «Ақтөбе», «Восток», «Тараз», «Тобыл» сынды командалардың намысын қорғады. Ұлттық құрама сапында Тимур 9 кездесу өткізді.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.