ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Рикардо Кака: «Мен жоғары деңгейде ойнайтын қазақстандықтарды тәрбиелегім келеді»

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикаидо Кака Еуропа чемпионаты алдында онлайн баспасөз мәслихатын өткізді. Бразилиялық бапкер ұлттық құраманың Еуропа чемпионатындағы мақсаттары туралы айтып, әлеуметтік желідегі кейбір пікірлерді сынға алды.

— Сіздің коронавирусқа қарсы тапсырған сынағыңыз оң нәтиже көрсетті. Өзіңізді қалай сезінудесіз?

— Аздап суық тигізіп алғаным болмаса, қазір жағдайым жақсы. Бірақ тест оң нәтиже бергендіктен, Қазақстанда қалуыма тура келді. Күні бойы бөлмеде отырамын, оның үстіне жақын жерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

— Осы уақытқа дейін коронавирусқа байланысты Нұр-Сұлтанда болдыңыз. Сіз Нидерландыға қашан аттанасыз және командамен қалай байланысып жүрсіз?

— Қазақстан уақыты бойынша таңғы бесте ұйықтайтындықтан, уақыт айырмашылығы сәл ыңғайсыздық тудыруда. Пандемия кезінде біз онлайн қарым-қатынастың барлық тәсілдерін жақсы меңгеріп алдық, сондықтан мен әрқашан командамен байланыстамын.

— Эдсон жақында ғана Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрамаға қосылды. Оны ұжым қалай қабылдады?

— Біз Эдсонды бұрыннан білеміз, ол «Қайратта» ойнайды. Ұлттық құрама оны жақсы қарсы алды, ол орыс тілін жетік меңгерген. Эдсон командамен жақсы қарым-қатынаста. Бізге көмектесетініне сенімдіміз, талаптарымызды жақсы біледі.

— Лео жарақат алғандықтан Еуропа чемпионатына қатыспайды. Бұл команда үшін үлкен шығын ба?

— Мен ол үшін алаңдаймын. Ол дайындалып, қалыпқа келу үшін көп күш жұмсады, бірақ болмашы жарақатқа байланысты Еуропа чемпионатына қатыса алмайды. Доп қатты тигендіктен, онық қолы сынды. Кейбіреулер әлеуметтік желіде Лео әдейі жарақат алды немесе жаттықтырушылар штабы оны дұрыс дайындамады деп жазуда. Осындай пікірлерді оқығанда Құдайдың кейбір адамдарға жазу қабілетін бергеніне өкінемін. Лео әрқашан бізге көмектескісі келеді, бірақ ол шынымен де жарақат алды.

— Леоның орнына басқа ойыншы аласыз ба?

— Иә, мұндай мүмкіндік бар. Леоның орнына Сағындықов келеді. Ол бізбен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізді, сондықтан Сағындықов шақыртылады.

— Бүгін Словениямен болатын матчқа кімдер қатыспайды?

— Тұрсағұлов, Кнауб және Лео бүгінгі кездесуге қатыспайды. Дәурен бүгін Нидерландыға аттанады.

— Құрамада кадр мәселесінің көп екенін ескерсек, турнирде Қазақстанның алға қойған мақсат-міндеті өзгерді ме?

– Мақсат – Еуропа чемпионатында жеңіске жету. Барлық қиындықтарға қарамастан, ешкім тапсырманы өзгерткен жоқ. Бір ойыншы жарақат алғандықтан, мақсатты орындай алмадық деген сылтауларды ешқашан айтпаймын.

— Қалай ойлайсыз, Еуропа чемпионатын коронавирустың өршуіне байланысты кейінге қалдыру керек пе еді?

— Барлығы кейінірек ойнағысы келеді. Тек УЕФА турнирді кейінге қалдырғысы келмейді. Сербия кеше 11 ойыншымен ойнады, барлық команданың құрамы толық емес. Еуропа чемпионатын кейінге қалдыру дұрыс шешім болар еді.

— Эдсон азаматтық алған соң, мұндай ойыншылардың саны бесеуге жетті. Кейбір жанкүйерлер бұл команда үшін тым көп деп санайды. Бұл туралы не ойлайсыз?

— Бізде мұндай ойыншылар көп деп есептеймін. Командада жарақат алғандар болмаса, төрт ойыншы жеткілікті болар еді, бірақ қазіргі жағдайда мен өз ойымды өзгертемін. Себебі нәтижеге алаңдаймын. Недегенмен біз ел намысын жоғары деңгейде қорғап жүрміз.

Мен жоғары деңгейде ойнайтын қазақстандықтарды тәрбиелегім келеді, өйткені олар осыған лайық деп ойлаймын.

— Қазақстан әлем чемпионатын немесе Еуропа чемпионатын өткізуге дайын ба?

— Қазақстан ғана емес, Нұр-Сұлтан мен Алматы кез-келген турнирді қабылдауға дайын. Мұнда барлық инфрақұрылым бар: ареналар, қонақүйлер және т.б.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
;