Футболдан OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының төртінші турынан кейін «Тұран» клубының бас бапкері Владимир Газзаев қызметінен кетті.
Маман отбасылық жағдайына байланысты келісім-шартты қос тараптың келісімімен бұзды. Бас бапкердің міндетін уақытша физикалық даярлыққа жауапты маман Қуаныш Қабдолов атқарады.
«Тұран» футбол клубының ұжымы Владимир Валерьевичке атқарған жұмысы үшін алғысын айтып, жаттықтырушы қызметінде тек сәттілік, отбасына аман-саулық тіледі.
Владимир Газзаевтың қол астында «Тұран» үш матчтан соң 1 ұпай жинап, турнир кестесінде 13-ші орынға жайғасты.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.