Қазақстан Республикасы жаңа үкіметінің құрамы бекітілді, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Дәурен Абаев Қазақстанның жаңа мәдениет және спорт министрі атанды. Бұл лауазымда 2019 жылдың маусымынан бері Ақтоты Райымқұлова қызмет еткен еді.
Дәурен Абаев әр жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің хатшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, ҚР Президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. 2016 жылдан 2019 жылға дейін Абаев ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі, 2019 жылдан 2020 жылға дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі, ал 2020 жылғы 4 мамырда ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.