Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Болгария астанасында өтіп жатқан Страндж кубогы турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Meta-ratings.kz .
Аталған халықаралық турнирде 50 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандасымыз жартылай финалда Франция боксшысы Роман Мулаимен жұдырықтасып, қарсыласын 5:0 есебімен тізе бүктірді.
Төрешілер бір ауыздан (29:28, 30:27, 29:28, 29:28, 30-27) Қызайбайды жеңімпаз деп таныды.
Бүгін қазақстандық боксшылар Дина Жоламан, Надежда Рябец және Дариға Шәкімова жартылай финалдық жекпе-жектерін өткізді.
54 келі салмақта сынға түскен Жоламан италиялық Сирин Чараабиді 5:0 есебімен ұтты.
Бірақ Рябец (75 келіге дейін) панамалық Атейна Байлоннан жеңіліп қалды – 0:5 (27:30, 28:29, 27:30, 27:30, 27:30).
Ал 66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Дариға Шәкімова ресейлік Саадат Далгатоваға 0:5 (27:30, 27:30, 27:30, 27:30, 27:30) есебімен жол берді.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.