ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Ордабасының» бас бапкері «Аланиямен» болған ойын жайлы айтты

«Ордабасының» бас бапкері «Аланиямен» болған ойын жайлы айтты

Шымкенттік «Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев владикавказдық «Аланиямен» (5:2) болған жолдастық кездесу жайында ойын білдірді.

— Ойын нәтижесіне дән ризамыз, жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Біз, дұрыс бағытта алға жылжып келеміз және еш уақытта аспанға ұшып, эйфорияға берілмейміз. Біз өз жолымызды енді бастадық, футболшылар өз міндеттерін жаттығуда ғана емес, ойын кезінде де адал атқарады. Біз түрлі нұсқаларды байқап көреміз, бврлық ойыншыға әр матч сайын өзінің бабына келуге мүмкіндік береміз әрі ойынымызды жақсартып келеміз. Бапкерлік құрамның берген кеңестерін ойыншылардың жылдам жүзеге асырулары көңіл қуантады. Қайталап айтам, біз ойыншыларды матчқа дайындамаймыз, өйткені олар онсыз да ауыр жұмыс жасауда. Біздің бүгінгі қарсыласымыз ойын мәнері бойынша алдыңғы командалардан ерекше болды. Футболшыларымыз бұл жағдайға уақытылы бейімделді де қарсыластардың қателіктерін ұтымды пайдалана алды. Шабуылда өз ойынымызды көрсете алдық және ол өз нәтижесін берді. Бірақ, бұл жай ғана дайындық ойыны, ары қарай да дайындаламыз және түрлі нұсқаларды тексере береміз. Ойыншылардың физикалық дайындықтарын шыңдаймыз және әр ойын сайын ол көрсеткіштер жақсара береді деп үміттенеміз, — деді Седнев.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!