ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Нөсербаев: «2009 жылы Думбияның орнына «Янг Бойзға» шақырды»

Қазақстандық футболшы Таңат Нөсербаев журналист Нұрсұлтан Құрманның ютуб-арнасына берген сұхбатында бір кездері швейцариялық «Янг Бойз» клубының қаралымында болғанын айтты:

«2009-дың қыркүйегінде «Янг Бойздан» ұсыныс түсті. Ол жаққа барып, қателеспесем, екі аптадай оқу-жаттығу жиынынан өттім, бірақ басшылар ақша жағына келіспеді. Қысқасын айтқанда, бұйырмады. Бақ шаба ма, бап шаба ма дейді ғой. Мүмкін сол кезде «Янг Бойзда» жүрер ме едім. Ол кезде Сейду Думбия ЦСКА-ға кетейін деп жатқан. Мені соның орнына шақырды. Кейін Думбия ЦСКА-да жақсы ойнап, қаншама голдар соқты. Сол сияқты менің де бағым жанғанда, мен де кетер ме едім, ЦСКА болмаса да, басқа жақтарға», – деп бабы мен бағының қатар шаппағанына қынжылды.

Таңаттың айтуы бойынша, одан бөлек ресейлік «Спартак Нальчик» клубынан да ұсыныстар болған екен, бірақ ол кезде де басшылық жібермепті.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!