«Зениттің» баспасөз қызметі украиналық қорғаушы Ярослав Ракицкийдің клубтан кетуі туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Спорт-Экспресс басылымы.
«Барлық футболшылармен келісім-шарттар әлі күшінде және барлығы талаптарға сәйкес жасалуда», - деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.
Кеше түнде «Зенит» 32 жастағы украиналық қорғаушы Ярослав Ракицкиймен келісім-шартты бұзды деген ақпарат пайда болған еді. Оның келісім-шарт мерзімі осы жазда аяқталады.
Еске салайық, Ракицкий «Қайраттан» жалға алынған қазақстандық Нұралы Әліптің бәсекелесі бооып табылады.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.