Шорт-тректен қазақстандық спортшы, Бейжің олимпиадасында 4 орынға ие болған Абзал Әжіғалиев қысқы спорттың дамуындағы олқылықтар туралы айтып берген еді. Осы мәселеге қатысты ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ол мәселені спортшы ретінде көтеріп отыр. Сол арқылы кәсіби спортқа расымен жаны ашитындығын дәлелдеді. Жарарлық іс. Бұл жерде мәселе тек қолжетімсіздікпен байланысты емес. Бапкерлер де сұрақты уақытылы көтеріп отыру керек. Министрліктің мұз айдыны және басқа да спорт саласындағы шешілуі тиіс проблемалардан хабары бар. Мәселені кешенді және жүйелі түрде шешудің жолын қараймыз», - деді Дәурен Абаев Бейжің олимпиадасының қорытындысына арналған кеңейтілген отырыс барысында тілшілердің сұрағына жауап бере тұрып.
Еске сала кетсек, шорт-трекші Абзал Әжіғалиев қысқы спорт түрлеріне қатысты олқылықтарды ашып айтқан еді.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.