Хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Михайлис «Kazakhstan Hockey Open» турниріндегі Ресеймен болған ойын (2-1) жайлы пікір білдірді.
— Жақсы, тең ойын. Екі команда да қозғалыста, талас кездерінде, мінез тұрғысынан да бір-бірінен қалыспады. Бірінші айналымда бізде көп мүмкіндіктер болды, бірақ қарсыластарымыз керемет қорғана білді. Шыдап, аяғына дейін ойнаған соң жеңіске жеттік деп ойлаймын. Бапкерлер атынан жігіттерге алғысымды айтқым келеді, олар өте жақсы жұмыс жасады. Келген командаларға да рахмет. Қазақстан чемпионатының қызған шағында ойыншыларын жіберген клуб басшыларына ерекше рахмет. Барлық ойыншылар, қақпашылар да өздерін жақсы жағынан көрсетті. Команданың әр мүшесі осы жеңіске лайық болды, — деп түйіндеді Михайлис.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.