ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Михаил Кукушкин Майамидегі турнирдің екінші айналымына өтті

Қазақстандық, әлемнің 159-ракеткасы Михаил Кукушкин Майами ATP Masters 1000 турнирінің екінші айналымына шықты.

Негізгі жарысқа іріктеу сайыстарынан қосылған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 42-ракеткасы, нидерландылық Ботик Ван де Зандшульппен күш сынасты.

Қарсыластар бұған дейін бір рет кездесіп, онда Кукушкин жеңген еді. Бұл жолы Михаил 6:4, 6:4 есебімен басым түсті.

Бір сағат 51 минутқа созылған матч барысында Кукушкин эйс жасамағанымен, 12 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыласы 4 эйс, 1 брейкпен (12 брейк-пойнт) шектелді.

Кукушкин екінші айналымда әлемнің 13-ракеткасы, америкалық Тэйлор Фрицпен шеберлік байқасады. Фриц жуырда Индиан-Уэллс мастерс турнирінде үздік шыққан еді.

Майамиде қазақстандықтар Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында бастапқы бәсекелерінде испаниялық Фелисиано Лопес – грекиялық Стефанос Циципастан 6:7 (2:7), 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!