ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Марат Шахметовке Серік Жейлітбаев атындағы сыйлық табысталды

2021 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Серік Жейлітбаев атындағы жүлденің кезекті лауреаты жартылай қорғаушы Марат Шахметов атанды, деп хабарлайды ҚКФЛ баспасөз қызметі.

Шахметов қазақстандық командалар құрамында 350-ден астам ойын өткізді.

Марат ойыншылық мансабын «Алма-Ата» клубында бастады, содан кейін «Астана», «Атырау», «Жетісу», «Ақжайық», «Шахтер», «Каспий» және «Тараз» клубтарында өнер көрсетті. Әр жылдары үш рет Қазақстан Кубогін және Суперкубогін жеңіп алды, сондай-ақ чемпионаттың күміс жүлдегері атанды.

Аталмыш марапатты Шахметовке Қазақстанның ХХ ғасырдағы үздік футболшысы Сейілда Икрамұлы Байшақов табыс етті.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2013 жылы өмірден озған әйгілі футболшы Серік Жейлітбаевты еске алуға арналған жүлдені тағайындады.

Серік Жейлітбаев өзінің мансабы кезінде «Қайрат», «Есіл-Богатырь», «Шахтер», «Ертіс», «Жетісу», «Восток», сонымен қатар Қазақстанның Олимпиадалық құрамасының сапында өнер көрсетті. Үш рет ел чемпионы атанып, екі рет ҚР Кубогін жеңді.

Жейлітбаевты еске алу сыйлығы Қазақстан чемпионатында ең көп ойын өткізген ойыншыларға беріледі. Осыған дейін аталмыш жүлденің лауреаттары Нұрбол Жұмасқалиев, Самат Смақов, Қайрат Әшірбеков, Игорь Юрин, Ренат Абдулин, Мақсат Байжанов және Эдуард Сергиенко сынды отандық шеберлер болған.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!