Футболдан Ресей Премьер-лигасының 19-турында грозныйлық «Ахмат» өз алаңында «Уфаны» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
«Ахмат» бірінші тайм қорытындысы бойыншп жеңіліп жатқанымен, екінші 45 минуттықта екі гол соғып, жеңісті жұлып әкетті.
РПЛ. 19-тур
«Ахмат» — «Уфа» 2:1 (0:1)
Голдар: Коновалов (50 – пенальтиден), Трошечкин (84) — Журавлев (45+2)
«Ахмат» сапында өнер көрсететін Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Марат Быстров кездесуді негізгі құрамда бастап, толық матч өткізді.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.