«Мақтаарал» 22 жастағы қазақстандық шабуылшы Жан-Али Пайрузмен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
Ойыншы атакенттік клубқа еркін агент ретінде ауысты. Жаңа командада Пайруз 77-ші нөмірмен өнер көрсетеді.
Жан-Али Пайруз - «Шахтердың» түлегі. Қарағандылық клуб үшін 56 матч өткізіп, 6 гол соқты, 4 нәтижелі пас берді. Қазақстанның жастар және жасөспірімдер құрамаларында да ойнады.
Қазақстандық ойыншының соңғы клубы «Каспий» болды. Пайруз ақтаулық клуб сапында 9 матч өткізіп, 1 ғана нәтижелі пастың авторы атанды.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.