Санкт-петербургтік «Зенит» Португалияда өтіп жатқан Atlantic Cup-2022 халықаралық турнирінде даниялық «Мидтьюлландты» жеңді.
Ойындағы жалғыз голды 40 минутта Клаудиньоның пасынан кейін қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп соқты. Осылайша ойын 1:0 есебімен ресейлік команданың пайдасына шешілді.
Естеріңізге сала кетсек, Әліп «Зенит» сапында қаралымнан өтуде. Қазақстандық ойыншыға қатысты шешімді екінші оқу-жаттығу жиынынан кейін қабылдайды.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.