ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Әлімханұлының командасы жұлдыздардың қашуы мен жекпе-жек уақыты қашан белгіленетініне қатысты пікір білдірді

Жәнібек Әлімханұлының командасы әлемдік жұлдыздардың қазақстандық боксшыдан қашуына және алдағы жекпе-жектің уақыты қашан белгілі болатынына қатысты пікір білдірді.

«Осы апта шешуші апта болады-ау. Егер бұл апта шешілмесе, онда білмеймін. Андраденің, Фалькаоның бас тартуына кеше Мунгия да қосылды. Иә, иә атақты мексикалық жұлдыз. Осы бас тартулардан-ақ Жәнібектің орта салмақтағы патшалығын түсінуге болады.

Иә, біраз жұрт Жәнібектің атағы жоқ, сол үшін олар шықпады деуі мүмкін. Бірақ олардың бәрі осы уақытқа дейін атағы жоқ, танымал емес адамдармен жұдырықтасып келді. Үшеуі қандай жұлдызбен шықты? Тізімде ешкім жоқ! Солардың бәрімен жекпе-жек өткізуге болады екен да, ал Жәнібекке келгенде ол танымал емес, ақша алып келмейді екен. Бұл түсінгенге күлкілі нәрсе. Өздері қорықпаса да командасы ұтылуды уайымдаған сияқты. Аялап отырған боксшыларының құлап жатқанын көргісі келмеді. Жарайды, арттарынан қуамаймыз! Өздері-ақ келеді. Әлі жалынатын болады. Сол кезде бізде де айтатын сөз болады.

Сонымен не керек, WBO жаңа қарсылас тағайындады. Британиялық Дигниум. Рекорды – 14-0. Рейтингте бесінші орында тұр. Енді олар да гонорар жақсы болса, келісеміз деп отыр. Күтейік не боларын. Бірақ, менің ойымша, осы апта бәрі шешіліп, жекпе-жек уақыты белгіленетін сияқты.

Біз болашақта әлемді шулатымыз деуші едік, сол шулату басталып кетті, ағайын. Қазірдің өзінде шулатып жатырмыз. Америкада Жәнібек өте жақсы талқыланып жатыр. Бұйыртса, тарих жасаймыз!», – деп жазды Әлімханұлының команадасы инстаграм парақшасында.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!