Петропавлдық «Қызыл-Жар» 23 жастағы қорғаушы Әлібек Қасымның командадан кететінін хабарлады.
Жақында берген сұхбатында Қасым петропавлдық клубпен келісім-шарты тағы бір маусымға жарамды екенін айтқан болатын. Инсайдер Айдын Қожахметтің мәліметіне сенсек, қазақстандық қорғаушы «Ақтөбеге» ауысады. Клуб өз кезегінде Әлібекті қатарға қосу үшін «Қызыл-Жарға» ақша төлеген. Футболшыға молдовалық «Шериф» пен ресейлік «Химки» де қызығушылық танытты.
Әлібек Қасым «Қызыл-Жар» сапында 2019 жылдың шілде айынан бері өнер көрсетті. Содан бері ол клуб жейдесінде 57 матч өткізіп, 10 гол соқты (оның 8-і өткен маусымда).
Өткен жылы Қасым Қазақстан құрамасында Тәжікстанмен болған жолдастық кездесуде (1:0) дебют жасады.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.