ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшы бапкер болып жұмыс істемек

Қазақстан құрамасының бұрынғы боксшысы, 33 жастағы Мерей Ақшалов мемлекеттік жаттықтырушы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

«Өткен аптада даңқты боксшы Мерей Ақшалов бокстан мемлекеттік жаттықтырушысы атанды. Оған бұл қызметте сәттілік тілеймін! Бокстың ел үшін де, әрбір қазақстандық үшін де орны бөлек. Сондықтан біз әрқашан әлемдік бокстан оқ бойы озық болуымыз керек», - деп жазды Абаев Facebook парақшасында.

Еске салайық, Ақшалов денсаулығына байланысты мансабын 2014 жылы аяқтаған болатын. 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиадаға қатысты, Astana Arlans командасымен бірге Бүкіләлемдік бокс сериясында өнер көрсетті. 2013 жылдың тамыз айында Азия чемпионы атанса, қазан айында Алматыда өткен әлем чемпионатында топ жарды. 2021 жылдың мамырында Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
;