Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий Vesti.kz сайтына берген сұхбатында Ұлттар лигасы аясында Молдовамен болатын қарымта матч жайлы пікір білдірді:
- Молдоваға қарсы өтетін қарымта матч біріншіге қарағанда қиын болады. Бірақ Кишиневтегі жеңіс бізді одан сайын желпіндіреді деген үміттемін.
- Қарсылас өз алаңындағы сәтсіздіктен кейін үлкен мотивациямен келді.
- Келісемін. Молдовалықтар бірінші ойында жеңіске жетуді көздеп, көптеген мүмкіндіктер жасады. Бірақ біз бір командамыз және бір-біріміз үшін күрестік. Біріксек, көп нәрсе істей аламыз. Әрине, Кишиневтегі жеңіс біз үшін оңай болған жоқ, біраз қобалжыдық. Ең бастысы, нәтижеге қол жеткізе алдық. Екінші ойынды тағатсыздана күтудемін.
- Бірінші матчта Молдова ойыншылары Сіздің қақпаңызға көп соққы жасады. Бұл Сіз үшін қиындық тудырды ма?
- Біз бір-бірімізге көмектесу үшін ойнаймыз. Бір жерде олар мені сақтандырды, кейбір сәттерде мен оларға көмектесе алдым. Бұл футбол. Басқаша істей алмаймыз. Бірақ екінші тайм оңай болды. Біз екі гол соғып, ойынды жеңіспен аяқтадық.
- Өз алаңымызда жеңіске жету үшін қандай факторлар көмектеседі?
- Стадионға келген жанкүйердер бізді алға жетелейді. Ауызбіршілікті жоғалтпауымыз тиіс, онсыз футболда өнер көрсету қиын. Бұл қиын матч болады, бірақ біз үшін бәрі жақсы аяқталады деп үміттенемін.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.