Халықаралық футбол тарихы мен статистика федерациясының (IFFHS) нұсқасы бойынша Феликс Брых ХХІ ғасырдағы әлемнің ең үздік футбол төрешісі атанды.
Бұл тізім 2001 жылдан 2020 жылға дейінгі жылдық рейтингтерді біріктіру негізінде жасалды. Әр жылда үздік танылған төрешіге 20 ұпайдан, екіншіше 19, үшіншіге 18 ұпай деген секілді реттілікпен жалғаса береді. Осындай тәсілмен IFFHS үздік 20 төрешінің тізімін жариялады. Ал танымал италиялық төреші Пьерлуиджи Коллина үздік ондыққа да енбей қалды. Өйткені оның үш мәрте үздік атанған кезі ХХ ғасырда болған екен. Ал қалған үшеуі ХХІ ғасырдың еншісінде. Сол себепті де Коллина ХХІ ғасырдың үздіктері қатарына енбей қалды.
ХХІ ғасырдағы ТОП-10 төрешінің тізімі төмендегідей:
1. Феликс Брих (Германия) – 141 ұпай,
2. Джюнейт Чакыр (Түркия) – 140,
3. Ховард Уэбб (Англия) – 137,
4. Маркус Мерк (Германия) – 135,
5. Бьерн Кейперс (Нидерланды) – 133,
6. Никола Риццоли (Италия) – 121,
7. Оскар Хулиан Руис (Колумбия) – 104,
8. Массимо Бузакка (Швейцария) – 96,
9. Хорхе Луис Ларионда (Уругвай) – 96,
10. Любос Михель (Словакия) – 96.
Тізімнің толық нұсқасы мына сілтемеде.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.