Конькимен жүгіруден Қазақстан командасының бас бапкері Дмитрий Бабенко Бейжің Олимпиадасында 1000 метрде бақ сынаған Екатерина Айдова мен Надежда Морозованың көрсеткішіне баға берді. Бапкердің айтуынша, командада алға басу байқалады.
«Соңғы күндері, атап айтар болсақ, 1500 метрге жүгірген соң Морозова техникалық және физикалық тұрғыдан жақсара бастады. Дайындық кезінде арқасында аздаған жарақаты болған. Өз елімізде бұл мәселені шеше алмадық. Олимпиадаға келген соң әріптестеріміз көмектесті. Кеше және алдыңығы күні оның уақыты жақсара түсті. Таң қалдым. Бүгін ол біз күтпеген нәтиже көрсетті. Тап осы қашықтықта 11-ші орын алды. Секундтарды қарайтын болсақ, үшінші орын да алыс емес. Сондықтан, оның алға басқаны мені қуантады. Медальға таласа алатынын көрсетіп, үміт сыйлауда. Келесі Олимпиадаға бұдан да үлкен міндеттер қоюға болады. Өйткені, жүлде алуымыз әбден мүмкін. Ал Айдоваға келер болсақ, мұндағы жағдай қиындау. Оның кеңінен көсілуіне жарақаты мүмкіндік берер емес. Тізесінің ескі жарақаты әлі мазалайды. Спринттен біздегі ең үзік осы Айдова еді ғой... Оның нәтижесі көңіл құлазытады. Десе де, бұл оның төртінші Олимпиадасы. Мұндай жарақатпен қысқы ойындарға қатысу оңай емес. Оның орнында басқа спортшы болғанда, күш таба алмай, спортпен баяғыда қоштасар ма еді?! Қайталап айтамын, Айдова жарады. Резервке келер болсақ, бізде өсіп келе жатқан буын бар. Соңғы кездері Алина Дауранова жақсы жағынан көзге түсіп жүр. Италияда өтетін келесі Олимпиадада қуантады деп ойлаймын», - деді бас бапкер Дмитрий Бабенко.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.