27 жастағы белоруссиялық қорғаушы Алексей Залеский «Каспийден» кетіп, «Торпедо-БелАЗға» ауысты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
Алексей Залеский өткен маусымның басынан бері «Каспийдің» намысын қорғады. Ақтаулық клуб үшін 28 кездесу өткізіп, 5 гол мен 1 нәтижелі пасты өз атына жазды.
Еске сала кетейік, оның ағасы, 30 жастағы қорғаушы Андрей Залеский түркістандық «Тұран» сапында өнер көрсетуде.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.