ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Түркиядағы доданы қорытындылады

Түркияда грек-рим күресінен рейтингілік турнир аяқталып, қазақстандық балуандар 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Одан бөлек, алты спортшы бесінші орын иеленді, деп жазады Olympic.kz.

Бас бапкер Серік Жұмашевтің айтуынша, балуандар өз деңгейінде өнер көрсеткен.

"Турнирге 15 мемлекеттің балуандары қатысты. Қазақстан командасы жалпы есепте 28 спортшыны жарысқа қосқан болатын. Оның ішінде бесеуі жүлдеге ілікті. Бір алтын, бір күміс, үш қола медаль бар. Одан бөлек, қола жүлдеге таласқан алты спортшымыз жеңіліп қалды. Жалпы алғанда, бұл биылғы маусымның беташар жарысы. Қай балуанның дайындығы қай деңгейде екенін бақыладық. Енді алдағы бәсекелерге дайындаламыз", - деді Жұмашев.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!