DAZN стримингтік сервисі өз көрермердерінен 2022 жылы қатты көргісі келетін жекпе-жектерге қатысты сауалнама ұйымдастырды. Жанкүйерлер биыл Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) айқасын көргісі келетінін айтқан, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Көрермендер Головкиннен бөлек орта салмақта өнер көрсететін Джермалл Чарло (32-0, 22 КО), Хайме Мунгия (38-0, 30 КО), Деметриус Андраде (31-0, 19 KO), Габриэль Росадо (26-14-1, 15 KO), Риота Мурата (16-2, 13 КО), Крис Юбенк-младший (31-2, 23 КО) және Сергей Деревянченко (13-4, 10 КО) секілді боксшылардың жекпе-жегін көргісі келеді екен.
Еске салайық, Головкин соңғы рет шаршы алаңға 2020 жылдың желтоқсанында шығып, польшалық Камиль Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутпен жеңді. Бұл кездесуде отандасымыз 21 рет чемпиондық белбеуін қорғап қалды.
Енді Головкин ақпан немесе күз айларының бірінші орта салмақтағы WBA белбеуінің иегері жапониялық Риота Муратамен кездесу өткізуі керек.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.