Жапонияның кәсіпқой боксшысы Риота Муратаның (16-2, 13 КО) промоутері Акихико Хонда қазақстандық боксшымен болатын жекпе-жектің жаңа мерзімін белгіледі, деп хабарлайды Sports.kz.
Акихико Хонданың айтуынша жекпе-жек сәуір айында өтпек.
Еске салсақ, Головкин - Мурата жекпе-жегі коронавирустық пандемияға байланысты жапон үкіметінің шешімімен көктемге шегерілді. Бірақ нақты уақыты айтылмаған еді. Аталған жекпе-жек өткен жылы желтоқсан айында өтеді деп жоспарланған еді.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.