Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин DAZN-ға берген сұхбатында Нью-Йорктегі әлемге танымал «Madison Square Garden» аренасында өнер көрсету арманы болғанын тілге тиек етті:
«Түптің түбінде бұл аренаға шығып, бокстасқанда, арманың мен қалауың орындалғанын түсінесің. Сен Нью-Йорктасың, «бокс Меккесінде», мұның шың екенін түсінесің. MSG-дегі алғашқы жекпе-жегім мен үшін қызықты болды. Сол сәтте ғаламат сезімде болдым. Мен шынында сол жерде бокстасуды армандадым», – деп сол сәттегі сезімімен бөлісті GGG.
Естереңізге сала кетсек, Головкин «бокс Меккесіндегі» алғашқы жекпе-жегінде австралиялық Дэниэл Гилді үшінші раундта нокаутпен жеңген еді.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.