Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізуге келісті.
Бұл туралы америкалық журналист және инсайдер Майк Коппингер хабарлады. Дереккөздің айтуынша, бұл жекпе-жек 2022 жылдың 17 қыркүйегінде өтуі мүмкін. Бірақ алдымен Альварес Дмитрий Биволға, Головкин Риота Муратаға қарсы жекпе-жекте жеңіске жетуі керек.
Айта кетейік, GGG рингке былтыр желтоқсанда оралуы керек болған, алайда Муратаға қарсы жекпе-жек Жапониядағы коронавирус шектеулеріне байланысты шегерілген еді. Головкин мен Мурата қашан жұдырықтасатыны әзірше ресми хабарланбады.
Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы кездесуде тең есеп тіркелсе, екінші жекпе-жекте мексикалық боксшы жеңген болатын.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.