Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы, мексикалық Хайме Мунгия (38-0, 30 КО) мен орта салмақтағы IBF және IBO титулдарының иегері Геннадий Головкинніғ (41-1-1, 36 КО) жекпе-жегі туралы тілге тиек етті.
Функционердің айтуынша, Хайме GGG-мен жұдырықтасқысы келеді, бірақ соңғы сөз қазақстандық боксшыдан болады.
«Мунгияның арманы — Головкин. Біз алдын-ала келіссөздер жүргіздік және бұл жекпе-жекті жасай алатынымызды сездік. Мұның бәрі Головкинге байланысты — ол мұны қалайды ма, жоқ па», — деп жазады EverythingBoxing твиттер парақшасы.
Еске сала кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін 2022 жылдың көктемінде өткізуді жоспарлап отыр, қарсыласы WBA Super әлем чемпионы Риота Мурата болмақ.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.