ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Геннадий Головкин «Үздік боксшы» номинациясына ұсынылды

ESPN телеарнасы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) «Үздік боксшы» номинациясына ұсынды.

Телеарнаның Twitter парақшасында жарияланған дауыс беруге арналған орта салмақтағы әлем чемпиондарының тізіміне Геннадий Головкиннен бөлек Джермалл Чарло (32-0, 22 КО), Деметриус Андраде (31-0, 19 КО), Риота Мурата (16-2, 13 КО), сондай-ақ, кіші Крис Юбэнк (31-2, 23 КО) мен Хайме Мунгия (38-0, 30 КО) енген.

Көптеген жанкүйерлер Головкинді қолдап, пікір қалдырып жатыр.

Дегенмен, 39 жастағы қазақстандық боксшының өткен жылы бір де бір жекпе-жек өткізбегенін еске саламыз. Соңғы рет Геннадий Головкин рингке 2020 жылдың желтоқсанында шыққан. Ол польшалық боксшы Камил Шереметаны (21-2-1, 5 КО) жетінші раундта қапы қалдырып, айқын басымдықпен жеңіске жеткен болатын.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!