KazFootball.kz сайтына белгілі болғандай, футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Нұр-Сұлтанда оқу-жаттығу жиындарын бастады.
Кеше команда қонақүйге жайғасып, бүгін, 4 қаңтарда оқу-жаттығу процесін бастады.
Жақын арада футзалдан ЕУРО-2022-ге дайындық үшін Қазақстан құрамасына шақыртылған ойыншылардың тізімі белгілі болады.
Бұған дейін Дәурен Нұрғожиннің жарақатына байланысты турнирге қатыса алмайтынын хабарлаған едік. Желтоқсандағы Чемпиондар лигасының матчында жарақат алған Дәурен Тұрсағұловтың да бұл тізімге енуі екіталай.
19 қаңтарда Еуропа чемпионатының топтық кезеңі басталады. Рикардо Кака шәкірттері В тобында Италия, Словения және Финляндиямен ойнайды.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.