ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Футзалдан Қазақстан құрамасы Нидерландыға аттанды

Қазақстан футзал құрамасы бүгін Нидерланды елін бетке алды. Нұр-Сұлтан – Ыстамбұл – Амстердам бағытында жүріп, EURO 2022 додасы өтетін елге табан тіремек, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Қарт құрлықтың біріншілігінде Қазақстан құрамасы В тобында өнер көрсететін болады. Онда Еуропаның 2 дүркін чемпионы Италия, Словения және Финляндия құрамалары бар. Біздің топтың матчтары Гронинген қаласында 20-28 қаңтар күндері өтеді. Ширекфиналға әр топтан бірінші және екінші орын алған командалар ғана шығады.

EURO 2022 додасы 19 қаңтар күні Нидерланды – Португалия матчымен басталады. Ал ертесіне Қазақстан құрамасы Словениямен күш сынасып, додадағы алғашқы матчын өткізеді. Араға 4 күн салып, яғни 24 қаңтар күні құрамамыз Финляндия командасымен кездеседі. 28 қаңтар күні Рикардо Кака шәкірттері италиялықтармен ойнайды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!