ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатын бас бапкерсіз бастайды

Нидерланд еліне сапар алдынан бірнеше күн бұрын футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншылары Игита, Дәурен Тұрсағұлов және Арнольд Кнауб, сонымен қатар бас бапкер Рикардо Кака COVID-19 оң сынағын тапсырды, деп жазады ҚФФ баспасөз қызметі.

Үш күннен соң Игита мен Дәурен Тұрсағұловтың тапсырған тесттері теріс нәтиже көрсетті. Олар жақын арада Нидерландтағы команданың қатарына қосылады.

Өкінішке орай, Кака мен Кнауб әлі де карантинде жатыр. Олар Еуропа чемпионатында Словениямен өтетін алғашқы ойынға қатыса алмайды. Матч бейсенбі, 20 қаңтар күні елорда уақытымен 22:30-да басталады. Команданы ойынға бас бапкердің көмекшісі Сергей Коридзе дайындайды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!