Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің 12-ракеткасы атанды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz тілшісі. Бүгін, 16 қаңтарда Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) кезекті рейтингі жарияланды.
Бұған дейін тарихта алғаш рет WTA рейтингінің 13-орынға тұрақтаған Қазақстанның бірінші ракеткасы 12-орынға көтерілді. Рыбакина америкалық София Кенинді үш ұпайға басып озды. Бұған дейін Қазақстанның әйелдер теннисі тарихында ешкім 12-орынға көтерілмеген.
Рейтингте 11-ші орында ресейлік Анастасия Павлюченкова (2968 ұпай), ал оныншы орында Тунис өкілі Онс Жабер (3500) тұр.
Юлия Путинцева да бір сатыға жоғарылап, 42-орынға жайғасты (1400). Ал Зарина Дияс өз орнын төрт сатыға жақсарта алды, ол қазір 104-ші (732) орында.
Еске салайық, Рыбакина Аустралияның ашық чемпионатында өнер көрсетеді және бірінші айналымда Зарина Дияспен ойнайды.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.