Санаулы күндерден кейін ұлттық құрама спортшылары Израиль астанасы Тель Авив қаласына кезекті «Grand Slam» додасына қатысуға аттанады. Қазіргі таңда дзюдошылар Алматы қаласында жарыс алдындағы соңғы жаттығуларын жасап жатыр. Осыған орай Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев Olympic.kz сайтына құрамаға кімдер шақыртылғанын айтып берді.
«Тель Авив татамиіне 60 келіде Ғұсман Қырғызбаев пен Мағжан Шамшадин шығады. Ал 66 келі салмақ дәрежесіне Елдос Жұмақанов пен Данияр Шамшаевты қойдық. Жансай Смағұлов 73 келіде белдессе, Дидар Хамза мен Мәди Амангелді 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақтарын сынайды. Ислам Бозбаев, әдеттегідей, 90 келіде күреседі. Айбек Серікбаев 100 келіде, ал Ерасыл Қажыбаев пен Әділ Оразбаев аса ауыр салмақта, яғни 100 келіден жоғары салмақта белдеседі», – Ғалымжан Жылгелдиев
Соынмен қатар «2020 жылы жастар мен ересектер арасында 60 келіде чемпион атанған Данияр Шамшаев, 60 келіде Қазақстан чемпионы болған Мағжан Шамшадин мен 81 келіде ел үздігі болып танылған Мәди Амангелді – біздің болашағымыз. Негізгі құрамның алдына қойылған мақсат Олимпиада ойындарына тиісті ұпайды жинау болса, жастарға жүктелген міндет – тәжірибе жинау», – деп жастарға сенім артатын тілге тиек етті бас бапкер.
Израильдегі әлемдік жарыс 18-20 ақпан аралығына жоспарланған.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.