«Үлкен дулыға» санатына жататын Australian Open турнирінінің алғашқы айналымында қос қазақстандық теннисші кездесіп, ойын сенсациямен аяқталуға шақ қалды.
Нақтырақ, Зарина Дияс (104) пен Елена Рыбакина (12) күш сынасып, алғашқы сетте Дияс басым түскенімен, қалған екі сетте Қазақстанның үздік теннисшісі жеңісті жұлып әкетті. Кездесу 2 сағат 38 минутқа жалғасты.
Зарина Дияс (Қазақстан) — Елена Рыбакина (Қазақстан) — 1:2 (7:6 (7:3), 6:7 (3:7), 1:6)
Рыбакина екінші кезеңде Виктория Голубич (Швейцария) – Шуай Чжан (Қытай) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.