Шорт-тректен Қазақстан командасының мүшесі Әділ Ғалиахметов Бейжің Олимпиадасында 500 метрге жүгіруден ширек финалға жолдама алды. Спортшы қысқы қашықтыққа жүгіру өзі үшін қиынға соққанын жасырмады, деп хабарлайды Olympic.kz.
«Мен негізінен ұзақ қашықтықтарға жүгіремін. Сондықтан 500 метр аздап қиынға соқты. Бапкерлер маған қытайлық спортшыны ұзатып алмауды тапсырған. Канадалық спортшы құлап қалған соң, екінші орынды қолдан бермеуге тырыстым. Сол кезде ғана өзімді бос ұстап, жағдайды дұрыс бақыладым. Алдағы ширек финалда барынша жақсы өнер көрсетуге тырысамын», – дейді шорт-трекші.
Айта кетелі, Әділ Ғалиахметов 1500 метрге жүгіруден финалда сынға түсіп, сегізінші орын алған болатын.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.