ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Даниил Бескоровайный: «Бұл жеңіс біз үшін өте маңызды»

«Астананың» қорғаушысы Даниил Бескоровайный «Ақтөбемен» өткен матч жайлы және команданың ішкі көңіл-күйі туралы пікірін білдірді.

– Біріншіден, барша қазақстандықтарды Жаңа жыл – Наурыз мейрамымен құттықтағым келеді!

— Иә, Құдайға шүкір, жеңіске жетіп, чемпионаттағы алғашқы үш ұпайымызға қол жеткіздік. Ойын оңайға соқпады, бізге нәтиже жағынан үлкен қысым болды, сондықтан, кейбір сәттерде сәл жабылып ойнадық. Дегенмен, жеңістер бойымызға үлкен сенімділік ұялататыны анық және әр ойын сайын ойынымызды күшейтеміз. Біздің жанкүйерлер әдемі ойындар мен жеңістерге лайық!

– Қазіргі уақытта команданың ішкі көңіл-күйі қалай және өткен екі сәтсіз ойыннан кейін бұл жеңіс қаншалықты маңызды болды?

– Әлбетте, барлығы жеңіске дән риза, алайда біз бағындыратын белестер әлі алда. Біздің команда – жаңа, сондықтан, барынша тезірек бір-бірімізге үйренісуіміз керек.

«Ақтөбемен» ойын барлығы үшін маңызды болды, себебі адамдар «Астананың» кім екенін және нені білдіретінінен хабардар, ал біз футболшылар – жанкүйерлерімізді жеңістермен қуанту үшін аянбауымыз қажет. Барлығын жеңіспен құттықтаймын!

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!