ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024*
Winline KZ
PIN-UP KZ
Самый надёжный букмекер*
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Чемпион қашты. Әлімханұлының титулдық жекпе-жектегі қарсыласы анықталды

Америкалық Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (11-0, 7 КО) жекпе-жек өткізбей, орта салмақтағы WBO белбеуінен бас тартуға дайын. Содан соң отандасымыздың осы белбеуге таласатын қарсыластары белгілі болды, деп жазады Vesti.kz.

БАҚ Әлімханұлының бірінші қарсыласы мексикалық Хайме Мунгия (38-0, 30 КО) болуы керек екенін жазады. Бірақ ол жуырда WBC белбеуіне таласады. Сондықтан ол қазақстандық боксшымен кездесу өткізуге бас тартады.

Әлімханұлы қазіргі уақытта WBO рейтингінде екінші сатыда. Отандасымыздан кейін бразилиялық Эскива Фалькао (29-0, 20 КО), британиялық Дэнни Динам (13-0-1, 7 КО) және Крис Юбенк (31-2, 23 КО) жайғасқан.

Бірақ біз айтып өткен боксшылардың барлығының нақты жоспары бар. Осыған дейін Әлімханұлын жекпе-жекке шақырған Эскива орта салмақта өнер көрсететін Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) IBF белбеуіне міндетті қарсыласы.

Ал Динам мен Юбенк ақпан айында Грант Деннис (17-3, 3 КО) және Лиам Уильямсқа (23-3-1, 18 КО) қарсы кездесу өткізеді.

Осы боксшылардан кейін тізімде Карлос Адамс (21-1, 16 КО) тұр. Шамасы Әлімханұлының алдағы қарсыласы осы боксшы болуы мүмкін. Себебі, Адамстың алдағы уақытта ешқандай жоспары жоқ.

Орта салмақта WBO рейтингісі (6 және 15 орын аралығы):

6. Карлос Адамес (21-1, 16 КО, Доминикан Республикасы)

7. Лиам Уильямс (23-3-1, 18 КО, Ұлыбритания)

8. Феликс Кэш (14-0, 10 КО, Ұлыбритания)

9. Канат Ислам (28-0, 22 КО, Қазақстан)

10. Исаак Хардман (12-0, 10 КО, Австралия)

11. Хуан Манэуль Таборда (16-0-1, 9 КО, Аргентина)

12. Винсент Фейгенбутц (33-3, 29 КО, Германия)

13. Юки Нонака (35-10-3, 10 КО, Жапония)

14. Дензел Бентли (15-1-1, 13 КО, Ұлыбритания)

15. Кіші Хьюго Сентено (28-4-1, 15 КО, АҚШ)

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
;