Қазақстандықтар Александр Бублик пен Андрей Голубев жұбы Мельбурнде өтіп жатқан ATP 250 Great Ocean Road Open турнирінің жұптық сынында ширек финалға еш қиындықсыз өтті.
1/8 финалдағы қарсыластары сербиялық Миомир Кецманович пен ресейлік Карен Хачановтың ойынға қатысудан бас тартуы себепті қазақстандықтар автоматты түрде ширек финалға жолдама алды.
Голубев пен Бублик ширек финалда британиялық Джейми Маррей мен бразилиялық Бруно Соарес жұбына қарсы ойнайды. Кездесу 6 ақпанға Нұр-Сұлтан уақытымен 12:00-ге жоспарланған.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.