ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Бізде өрескел қателік болмады деп есептеймін». «Тараз» бапкері «Астанамен» болған ойынды қорытындылады

«Тараздың» бас бапкері Нұркен Мазбаев Премьер-лиганың бесінші турында «Астанамен» өткен матч (2:1) туралы пікір білдірді:

- Ойын өте жоғары жылдамдықта өтті. Қарсылас команданың шабуыл шебінде қатты жүгіретін ойыншылар көп. Біз оларды алаң ортасында қарсы алып ойнауды көздедік. Ол ойымыз іске асты. Бізде өрескел қателік болмады деп есептеймін.

Екінші тайм ортасында футболшыларды алмастырдық. Жақсы екі мүмкіндік болды. Соны пайдаға жарата алмадық. Сәл сәттілік жетіспеді деп ойлаймын. Жігіттерге рақмет, барлық күш-жігерін салып ойнауға тырысты. Менің ойымша біз дұрыс жолда келе жатырмыз. Қателіктерді сараптап, алда жақсы нәтиже көрсетуге барлық тәжірибемізді қолданамыз.

- Жақсы ойын көрсетіп жүрген Абылайхан Жұмабек неге негізгі құрамда алғашқы минуттан алаңға шықпады және жаңа ойыншылар алу жоспарда бар ма?

- Абылайхан Қазақстан жастар құрамасында да, өткен турда да ойынға алғашқы минуттан шықты. Ол жақсы әрі жас және үздік ойыншымыздың бірі. Ал сәуір-мамыр айларында бес-бестен матч бар. Оны да ескердік. Элиас адаптациядан өтті. Ол өзіне допты көбірек ұстап ойнайтын стилі бар. Бүгінгі ойынға қойған тактикамызға сәйкес келгендіктен, соны шығардық.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!