ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Қазақстанға алғыс айтты

Бейжің Олимпиадасында 1500 метрге жарысудан қола жүлдегер атанған ресейлік Семен Елистратов соңғы бір жылда Қазақстан командасымен бірге дайындалып, оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Olympic.kz сайтына сұқбат берген спортшы қазақстандық әріптестеріне алғысын білдірді.

Еске сала кетейік, Семенмен бірге финалда жарысқан спортшылар қатарында Әділ Ғалиахметов те бар.

«Бізге Олимпиада қарсаңында жағдай жасағаны үшін қазақ халқына тіземді бүгіп, алғыс айтамын. Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетіне шексіз рахметімді білдіремін. Қаңтар айында елде тәртіпсіздік басталған кезде бізді стадионға жауып тастап, алаңсыз дайындалуымызға бар күшін салды.

Шорт-тректен Қазақстан командасына, Әділ, Денис, Абзалға, менімен бірге жаттыққан барша қыз-жігіттерге алғысым зор. Менің жаттықтырушым Максимов Андрей Иванович соңғы бір жылда Қазақстан командасының кеңесші бапкері қызметін атқаруда. Мен де бапкерімнің соңынан келдім. Қазақстандық шорт-трекшілер алға басып келеді.

Мәселен, Әділ өзінің алғашқы Олимпиадасында финалға шықты. Мен оған үнемі: «Әділ, жұмы істе, еңбектен, сол кезде сен де тұғырға шығасың» деп жиі айтатынмын. Өйткені оның көздерінен жас кездегі өзімді көремін. Спортшылардың болашағы зор. Барша қазақ халқына үлкен рахмет», — деді Елистратов.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!