«Барыс» өз алаңында плей-офф кезеңінің жолдамасына таластағы басты қарсыласына есе жіберді

«Барыс» ҚХЛ-ның кезекті ойнында өз алаңында екатеринбургтік «Автомобилистке» 2:3 есебімен есе жіберді.

«Автомобилист» төрт жеңілістен кейінгі алғашқы жеңісіне қол жеткізсе, «Барыс» әлі де ала-құла өнер көрсетуде. Екатеринбургтіктер 52 ойыннан кейін 61 ұпай еншілеп, Шығыс конференциясында бесінші орында келеді. Ал бір ойыны кем елордалықтар 60 ұпаймен сегізінші орынға жайғасқан.

«Барыс» келесі матчын 3 ақпан күні қонақта магнитагорсктік «Металлургке» қарсы өткізеді.

«Барыс» – «Автомобилист» 2:3 (1:2, 1:0, 0:1)

0:1 – Трямкин (Василевский, Дацюк), 06:50

0:2 – Белоусов (Василевский), 13:39

1:2 – Лилья, 15:21

2:2 – Вароне (Диц, Маклюков), 20:36

2:3 – Жукенов (Бочаров, Холланд), 57:17

Қақпашылар: Карлссон – Коварж

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!