ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Лучшее приложение 2024
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Барыс»  плей-офф сатысындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысында бүгін ресейлік «Металлург» (Магнитогорск) командасымен алғашқы кездесуін өткізді.

Кездесу барысында екі команда тартысты ойын өткізді. Бір-бірінің қақпасы маңында жиі шабуыл жасады. Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.

Екінші кезеңнің алғашқы минуттарында қазақстандық клубтың басымдығы байқалып тұрды.

Нәтижесінде 22-минутта елордалық клубтан Томаш Юрчо мергендік танытты.

Үшінші кезеңде «Барыс» хоккейшісі Якоб Лилья 40-минутта есепті үстемелей түсті. Ал 47-минутта ресейлік клубтан Линус Виделль көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Томаш Юрчо 50-минутта тағы бір мәрте мергендігімен көзге түсті. Ресейлік клубтан Николай Голдобин 52-минутта есеп айырмасын қысқартты.

Осылайша «Барыс» қарсыласын 3:2 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде плей-офф сатысындағы жеңістер сериясында алғашқы ұпайына қол жеткізді.

Енді тағы бір ойын 3 наурызда Магнитогорск қаласында өтеді. Одан кейінгі екі кездесу 5 және 7 наурызда елордада болады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!