«Тараз» клубының жартылай қорғаушысы Ерсұлтан Қалдыбеков Қазақстан Премьер-лигасының алтыншы турында «Шахтермен» болған ойын (2:1) туралы пікір білдірді:
- «Шахтерге» қарсы жеңіс бірінші кезекте біздің командаға психологиялық серпіліс берді деп ойлаймын. Себебі бұл команда бұған дейін чемпионатта жеңіліс көрмеген, әрине осындай жеңістен кейін жалпы команданың өзіне деген сенімділігі арта түседі. «Шахтерге» қарсы ойында алған үш ұпайымыз команданың турнирлік кестедегі жағдайын едәуір жақсартты.
«Шахтерге» қарсы ойынға шыққаныма қатты қуаныштымын. Себебі бұл өз алаңымыздағы дебюттік ойыным болды. Ойынға кіре салып бар ойым қалай да болса командаға көмектесу еді және де жанкүйерлердің қолдауы қатты сезілді. Маған алда әлі талай жұмыс істеп, еңбек ету керек екендігін білемін. Бұл тек бастамасы ғана деп ойлаймын. Барлық жамбылдық жанкүйерлерді осындай жарқын жеңіспен құттықтаймын!»
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.